Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Фармация ісін ұйымдастыру жән...
18 наурыз 2026
1
0
0

«Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасының «нұрлы ақыл – биік парасаттың бастауы» тақырыбындағы дөңгелек үстелі

Жастарға тәрбие беру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасы «Нұрлы ақыл – биік парасаттың бастауы» ұранымен дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға «Фармация» БББ 5-курс кураторлық топтары қатысты.
Дөңгелек үстелге арнайы қонақтар ретінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Садыков Ердаулет Пардахожаевич, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Алиманов Серік Бахтыгерейұлы, сондай-ақ «ОҚО Фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығы “Даму” директоры Альжанова Хадиша Дербесовна қатысты.
Іс-шараға Фармация факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Арыстанбаев К. Е., факультеттің және өзге де кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Дөңгелек үстел барысында жастар тәрбиесі, құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар есірткі қылмысының зияны мен еңбек заңнамасының талаптары жан-жақты талқыланды.
Іс-шара аясында кураторлық сағат өткізіліп, онда студенттердің болашақ кәсіби қызметіне тікелей қатысты маңызды мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, есірткілік және күшті әсер ететін дәрілік заттардың айналымын заң талаптарына сай жүргізу, еңбек қатынастары және іс жүргізу тәртібі туралы кеңінен түсіндірілді.
Аталған іс-шараның маңыздылығы – «Заң және тәртіп – құқық қорғау органдарымен кездесу» аясында білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, саналы өмірлік ұстанымдарын нығайту және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталуында. Бұл бағыттағы талқылау білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және кәсіби жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті.

Пікірлер орны (0)