Академиялық ұтқырлық аясында С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының оқытушылары Аширов М.З. және Сейтова Ж.Д. "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы " Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" және "Фармация" мамандықтарының білім алушыларына «Менеджмент және маркетинг фармацевтикалық кеңес негіздермен» және «Тиісті тәжірибелердің ұйымдастырушылық негіздері» пәндерінен 01.04.2024 - 10.04.2024 жж. аралығында теориялық және практикалық сабақтарды жүргізді.
Сонымен қатар, кафедраның аға оқытушысы А.Д. Жанбырбаевамен "ФӨТ" мамандығы бойынша 3 курс білім алушыларына "Фармацевтикалық өндірістегі өнімнің өндірістік шығындары мен өзіндік құны" тақырыбында бинарлы дәріс оқыды.