
«Гигиена және эпидемиология» кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Д.М. Кульмирзаева 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған бірқатар іс-шаралар өткізді.
30 сәуір күні Кульмирзаева Д.М. ВМ-МА-14-25 тобының білім алушыларымен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады. Студенттер патриоттық әндер дайындап, өлеңдерді мәнерлеп оқып, сондай-ақ халықтар арасындағы бірлік, өзара құрмет пен келісім идеяларын насихаттайтын әлеуметтік бейнеролик түсірді.
1 мамыр күні Кульмирзаева Д.М. ОҚМА-ның 3 және 4 курс шетелдік студенттерімен бірге жылы әрі танымдық кездесу өткізді. Қатысушылар өз елдері, оның ерекшеліктері, мәдениеті мен дәстүрлері туралы айтып берді. Олар домбыраның әуенін тыңдап, қазақ мәдениетінің байлығын сезінді. Ерекше атмосфераны барлық қатысушылардың ұлттық киіммен келіп, өз елдерінің тағамдарын алып келуі қалыптастырды.
Бұл мереке еліміздегі түрлі ұлттар мен этностар арасындағы достық пен бірлікті нығайтатын, өзара құрмет пен келісімді дәріптейтін маңызды күн болып табылады.