Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Ғылым мен білімнің дамуына еле...
22 сәуір 2026
1
0
0

Ғылым мен білімнің дамуына елеулі үлес қосып жүрген қызметкерлерге құрмет көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында ғылым мен білімнің дамуына елеулі үлес қосып жүрген қызметкерлерге құрмет көрсетілді. Салтанатты жиында оқу орнының ректоры Сейтжанова Жанна Серікжанқызы құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар қызметкерді марапаттады.


Айрықша атап өтерлік жетістік – академик Найля Оразғұлқызы Базанова атындағы беделді марапат академиямыздың қауымдастырылған профессоры Өмірзақова Ғалия Жаңбырбайқызына табысталды. Өмірзақова Ғалия Жаңбырбайқызы – медицина саласы бойынша және еліміздің 5 медициналық жоғары оқу орны ішінде бұл марапатқа ие болған бірден-бір ғалым. Бұл – біз үшін зор мақтаныш!


Сонымен қатар: 
▪️ Жалпы дәрігерлік практика және дерматовенерология кафедрасының ассистенті Дилсара Абабакирова – «ОҚМА» АҚ ректорының Алғыс хатымен; 
▪️ Фармацевтикалық өндіріс технологиясы кафедрасының аға оқытушысы Өмірзақова Ұлдана Нұралықызы – ҚР ҒЖБМ Алғыс хатымен;
▪️ Ғылыми жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Сейіл Біржан Сейітұлы – ҚР ҒЖБМ Құрмет грамотасымен;
▪️ Қазақ, орыс және тілдері кафедрасының аға оқытушысы Жақыпова Әзиза Сейтжапбарқызы – ҚР ҒЖБМ «Тіл жанашыры» Құрмет дипломымен;
▪️ Шұғыл медицина және мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Сейдахметова Айзат Әшімханқызы – ҚР ҒЖБМ «Жоғары білім беру ісінің үздігі» дипломымен;
▪️ Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының профессор міндетін атқарушы Өмірзақова Ғалия Жаңбырбайқызы – ҚР ҒЖБМ «Ғылым үздігі» дипломымен;
▪️ Қазақ, орыс және тілдері кафедрасының аға оқытушысы Абдуллабекова Айнаш Темірбекқызы – ҚР ҒЖБМ «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен;
▪️ Қазақ, орыс және тілдері кафедрасының аға оқытушысы Кемелхан Динара Жұбайханқызы – ҚР ҒЖБМ «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жетістіктер – академияның ғылыми әлеуетінің көрсеткіші және ортақ еңбектің жемісі.

Пікірлер орны (0)