2023 жылдың 19 желтоқсан күні оқу ордамызға «Қазақстан Ұлттық ғылыми медицина орталығының» президенті, м.ғ.д., профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Байгенжин Абай Қабатайұлы іс-сапармен келді. Іс-сапар барысында Байгенжин Абай Қабатайұлына Академияның «Құрметті Профессоры» атағы беріліп, екі мекемелер арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Кездесу барысында білім алушылардың тәжірибе алмасу, білімдерін жетілдіру жайында келіссөздер жүргізілді.