Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Халықаралық деңгейде «ОҚМА» АҚ...
4 желтоқсан 2025
1
0
0

Халықаралық деңгейде «ОҚМА» АҚ студенттерінің жетістіктері

А. П. Нелюбина атындағы Сеченов университетінің фармация институтында өткен (Мәскеу, Ресей), «Инновациялық дәрілік заттар: молекуладан пациентке дейін» атты II Халықаралық конференция аясында. академия студенттерінің жұмыстары  ерекше жетістікке ие  болды.
«Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 5 курс студенттері А.А. Шымкентбай және А. Нұрғалиқызы «Фармация ғылыми-зерттеу орталығының» базасында орталықтың басшысымен бірге профессор К. К. Орынбасарованың жетекшілігімен өз ғылыми жұмыстарын орындап, "Phytochemical analysis of Herba Achillea Biebersteinii" тақырыбында постерлік баяндама жасап, конференцияға қатысушылар арасынан II орын алды.
 

«ЮКМА» АҚ жанындағы медициналық колледждің «Фармация» мамандығы бойынша 3 курс студенті Абдиева Сауле NATIONAL ACADEMY OF SCIENTIFIC AND INNOVATIVE RESEARCH (NAcSIR) ұйымдастырған «2025 жылдың үздік ғылыми мақаласы» атты халықаралық байқауда 1-орын иеленді. Мақала «Гепапротекторлы жинақтың құрамындағы өсімдіктерден биологиялық белсенді қосылыстарды бөліп алу және олардың химиялық құрылымын анықтау» тақырыбы бойынша жазылған.
«ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледжінің "Фармация" мамандығының 3 курс студенті Абдиева Сәуле «Фармация ғылыми-зерттеу орталығының» жетекшілігімен «Гепапротекторллы жинақтың құрамын өсімдіктерден биологиялық белсенді қосылыстарды бөліп алу және олардың химиялық құрылыс анықтау» тақырыбында дайындаған мақала негізінде National ACADEMY of SCIENTIFIC AND INNOVATIVE RESEARCH (NAcSIR) ұйымдастырған «Үздік ғылыми мақала 2025» халықаралық байқауында 1 орын алды. 
Байқау қорытындысы бойынша профессор К.К. Орынбасароваға ғылыми жұмысқа жетекші болуына және студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат табыс етілді.тың ғылыми жетекшіге, алғыс хат және 

Бұл жетістіктер студенттердің жоғары деңгейін, олардың зерттеу жұмысының сапасын және ФҒЗО тарапынан тиімді ғылыми қолдауды көрсетеді.
Студенттердің жүлделі орындарын қоса алғанда, ғылыми жетістіктер Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Халықаралық ғылыми аренадағы имиджін нығайтуға ықпал етеді және фармация саласындағы зерттеу қызметін одан әрі дамытуды ынталандырады.
Студенттерге одан әрі шығармашылық табыс пен ғылыми қызметте жаңа жетістіктер, кәсіби және жеке тұрғыда шабыт пен даму тілейміз.

Пікірлер орны (0)