Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Халықаралық факультет түлектер...
16 маусым 2026
1
0
0

Халықаралық факультет түлектеріне диплом тапсырылды

Жастар ресурстық орталығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Халықаралық факультетінің түлектеріне арналған салтанатты диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты кештің алғашқы құттықтау сөзі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры Жанна Серікжанқызы Сейтжановаға берілді. Ректор түлектерге жүрекжарды тілегін білдіріп, олардың жарқын болашағына үлкен сенім артты. 


Кеш барысында оқу орнының академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Мария Анартаева, тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы, ғылыми және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Нұрлан Ерденұлы, Халықаралық факультет деканы Алтынай Әлібекқызы Сарсенбекова бітірушілерге ақ жол тілеп, дипломдарын табыстады.

Пікірлер орны (0)