«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-да 2025 жылдың 25 сәуірінде Денсаулық сақтау – дайындық бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік Кеңестің қолдауымен «Медицина мен фармациядағы заманауи білім беру технологиялары: болашақтағы талаптар мен перспективалар» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізді.
Конференцияның мақсаты: медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы өзекті үрдістер мен инновацияларды талқылау, жаңа білім беру технологияларын енгізудің перспективалары мен мүмкіндіктерін талдау болып табылады. Іс-шара шеңберінде медициналық және фармацевтикалық мамандарды даярлауға цифрлық құралдардың, оқытудың интерактивті әдістерінің, симуляциялық технологиялардың және басқа да инновациялардың әсерін қарастыру, сондай-ақ түлектердің денсаулық сақтау саласы мен фармацевтикалық практиканың тез өзгеретін жағдайларына табысты бейімделуі үшін осы салалардағы білім сапасын арттыру жолдарын талқылау жоспарлануда.
Конференцияға жиналған қатысушыларға «ОҚМА» АҚ ректоры Сейтжанова Ж.С., академиялық сұрақтар бойынша проректор, м.ғ.д., доцент Анартаева М.У., «Денсаулық сақтау» - даярлау бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңес төрағасының орынбасары, биология ғ.д., профессор Имашева Б.С., Башқұрт мемлекеттік медицина университеті, фармацевтикалық факультет деканы, ботаника және фитотерапия негіздері курсымен фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор Кудашкина Н.В., Ташкент педиатриялық медициналық институты ғылыми жұмыстар және инновациялар бойынша проректор, м.ғ.д., профессор Гулямов С.С. құттықтау сөз сөйледі.
Конференцияда Башқұрт мемлекеттік медицина университетімен бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша келісім шартқа қол қойылды.
Конференция қатысушылары: Үндістан, Ути қ., JSS Фармация колледжіндегі TIFAC дәрілік өсімдіктер орталығы; Ресей, И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті; Ресей, Башқұрт мемлекеттік медициналық университеті; Ресей, Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтикалық университеті; Ресей, Пятигорск медициналық-фармацевтикалық институты; Ресей, Ижевск мемлекеттік медицина академиясы; Өзбекстан, Ташкент медицина академиясы; Өзбекстан, Ташкент фармацевтикалық институты; Өзбекстан, Фармацевтикалық білім беру және зерттеу институты; Өзбекстан, Самарқанд мемлекеттік медицина университеті; Өзбекстан, Ферғана қоғамдық денсаулық сақтау медициналық институты; С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті; Астана медицина университеті; Қарағанды медицина университеті; Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті; Семей медициналық университеті; Шымкент қ., Жоғары медицина колледжі»; Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы.
Конференция аясында баяндамалар келесі секцияларда тыңдалды:
Пленарлық секция.
Секция №1 «Soft-skills қалыптастырудағы жалпы білім беру пәндерінің рөлі»».
Секция №2 «Цифрлық білім беру ортасы және жобаға бағытталған оқыту».
Секция №3 «Фармацевтикалық білім берудің болашағы: ғылым, технология және практиканың интеграциясы»
Секция №4 «Интеграцияланған медициналық білім: инновация және практикалық қолдану»
Секция №5 «Клиникалық оқыту: модельдеуден нақты тәжірибеге дейін»
Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция жұмысының қорытындысы бойынша резолюция қабылданды.
РЕЗОЛЮЦИЯ
1. Қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлерін ескере отырып, медициналық және фармацевтикалық білім беру сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу.
2. Тәжірибеге бағытталған құзыреттерді қалыптастыру үшін симуляциялық оқытуды, цифрлық инструменттерді, кеңейтілген және виртуалды шындық элементтерін қоса алғанда, инновациялық білім беру технологияларын қолдану.
3. Білім берудің цифрлық трансформациясын дамыту, атап айтқанда:
- білім беру бағдарламаларының тиімділігін арттыру үшін оқу процесіне цифрлық технологияларды енгізу;
- білім беру процесінде білім алушыларды қолдау және олардың қажеттіліктеріне бейімделу үшін онлайн-курстар құру және дамыту.
4. Қазіргі заманғы денсаулық сақтау саласына бейімделе алатын құзыретті мамандарды қалыптастыру мақсатында білім, ғылым және практиканың интеграциясын нығайту.
5. Медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығына, бірлескен білім беру жобалары мен бағдарламаларын іске асыруға ықпал ету.
6. Білім беру бағдарламаларында және оқытуда пәнаралық бағыттылықты дамыту.
7. Заманауи педагогикалық технологиялар, соның ішінде модельдеу технологиялары, білім беру процесінде жасанды интеллект қолдану бойынша профессорлық-оқытушылық құрамның әлеуетін арттыру.
Конференцияның үздік баяндамалары диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.