
ОҚМА-ның «Парасат» тәрбие жұмыстарының 2025-2026 оқу жылына бекітілген жоспарына сай, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы М.М.Маликовтың ұйымдастыруымен «Парасат» үйірме мүшелерінің қатысуымен «Харассмент. Құқықтық аспектілері және оның алдын алу шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты - білім алушыларға харассмент ұғымын түсіндіру, оның құқықтық салдарын ашу, жеке шекараны құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және харассменттің алдын алу дағдыларын дамыту.
Іс-шараның міндеттері - харассменттің түрлерін және белгілерін түсіндіру, Қазақстан Республикасындағы қолданыста заң нормалары негізінде құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат беру, қауіпсіз мінез-құлық және өзін-өзі қорғау жолдарын үйрету, құрбан болған жағдайда қайда және қалай жүгіну керектігін көрсету.

Соңғы уақытта бір адамның әдептен тыс тәртібін көрсететін, екінші адамның жеке өміріне қол сұғылмаушылықты бұзатын мінез-құлқын белгілеу үшін «харассмент» термині жиі қолданыла басталғаны, алайда, құқық әлемінде бұл терминнің жеткілікті дамымағандығы, бұл ұғымның тек жыныстық қудалауды ғана емес, басқа адамды қорлайтын, айналасында ұят немесе қорқыныш сезімін тудыруға бағытталған қолайсыз жағдай туғызатын кез-келген әрекетті қамтитыны айтылды.
Іс-шара барысында оқу орнымыздың болашақ дәрігер-маман дайындау жолындағы айқын мақсаттары мен міндеттері баяндалып, Академияның әдеп және академиялық адалдық Кодексі мен студенттердің этикалық нормалары мен тәртіп ережелері, сондай ақ білім алушылардың Ар-намыс Кодексі таныстырылды. Харассменттің мәні, белгілері мен түрлері, оның білім беру ортасындағы көріністері, ҚР заңнамасындағы құқықтық нормалар және жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, харассменттің психологиялық салдары мен оның алдын алу жолдарына ерекше назар аударылды.