Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «HEALTH HORIZONS» II Халықарал...
8 мамыр 2025
5
0
0

«HEALTH HORIZONS» II Халықаралық олимпиадасына қатысу

2025 жылдың 2829 сәуір аралығында өткен «EpiVerse» командасының құрамында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ білім алушылары «Астана медицина университеті» АҚ ұйымдастырған студенттік ғылыми қоғамның «HEALTH HORIZONS» II Халықаралық олимпиадасына «Эпидемиология» секциясы бойынша қатысты.
Командасының мүшелері В-ҚДСҚ-01-22 тобының білім алушысы Керимханова Айгерим, В-ЖМҚБ-04-21 тобынан Сатыбалдиева Назгүл Әділқызы мен Шамшиддинова Дана, В-ЖМҚА-05-21 Нисан Назерке Мақсатқызы «Гигиена және эпидемиология» кафедрасы атынан сөз сөйлеп, кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент м.а. Утепов П.Д. жетекшілігімен қатысты.
Олимпиада 2 кезеңде өткізілді. 1-кезең теориялық бөлім тест тапсырмаларынан тұрды: оның 50% қолдану, 25 % түсіну және 25% есте сақтау тапсырмалары. 2-кезең симуляциялық жағдайларда тәжірибелік дағдыларды көрсету. Топ басшылары арасында да сайыс ұйымдастырылып, пәннің әр бөлімдерінен күрделі сұрақтар қойылды.
Олимпиада студенттердің алған білімдері мен дағдыларын тексеру ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу және жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды платформа болды.
Байқау нәтижесі бойынша «EpiVerse» командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ-орын үшін дипломмен және кубокпен марапатталды.
Жүлдегерлерді дайындауға «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент м.а. П.Д.Утепов пен кафедрада доцент м.а. З.И.Бейсембаева үлкен үлес қосты.

Пікірлер орны (0)