2025 жылғы 16–27 маусым аралығында «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» АҚ фармацевтикалық факультетінің 4 курс студенттері И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясы базасында өндірістік тәжірибеден өтуде.
Тәжірибенің жетекшісі – «Фармацияны ұйымдастыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Шертаева Клара Джолбарисовна.
Тәжірибенің мақсаты:
• Қырғыз Республикасындағы фармацевтикалық қызметтің ұйымдастырылуымен танысу;
• Дәріханалар мен көтерме қоймалардың жұмысын зерделеу: құжат айналымы, есепке алу, дәрілік заттарды өткізу, мерчендайзинг негіздері;
• Дәрілік заттарды сақтау және босату, оның ішінде ерекше санаттағы препараттар бойынша тәжірибе алмасу.
Тәжірибе базасы:
• «Неман 25» және «Неман 91» дәріханалары
• «Неман Фарм» ЖШС көтерме қоймасы
16 маусым күні студенттерді ҚММА ректоры И.К. Кудайбергенова ресми қабылдады. Өзінің құттықтау сөзінде ректор екі жақты серіктестіктің маңыздылығын атап өтіп, студенттерге жемісті тәжірибе, жаңа білім мен кәсіби әсерлер тіледі. Кездесу соңында академия тарапынан естелік брендтелген сыйлықтар табысталды.
Аталған өндірістік тәжірибе болашақ фармацевтердің кәсіби қалыптасуында маңызды кезеңге айналды және фармацевтикалық саладағы тәжірибе алмасуға, жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті нығайтуға ықпал етті.