
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының South Clinical & Genetic Laboratory зертханасы базасында зертханалық диагностика мамандарына арналған иммуноферменттік талдау (ИФТ) бойынша біліктілікті арттыру курстары жыл бойы тұрақты түрде өткізіледі.
Оқыту кәсіби құзыреттілікті жетілдіруге, теориялық білімді тереңдетуге және заманауи зертханалық диагностика әдістерін қолдану бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған.
Зертханамыздың білім беру бағыттары:
Иммуноферменттік талдаулар (ИФТ);
ПТР-диагностикасы;
Клиникалық талдаулар.