9 қазан 2023ж. «Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы» ұйымдастыруымен жалпы медицина факультеті, 4 курс бакалавр студенттері арасында кезекті Infection star атты олимпиада өткізілді. Олимпиада Жұқпалы аурулар циклі бойынша өткізіліп, В-ЖМШО-01-20, В-ЖМШО-02-20, В-ЖМҚА-07-20, В-ЖМҚБ-07-20, В-ЖМҚ-08-20 топтары арасында болып өтті.Жарыс барысы бірнеше этаптан тұрып, студенттер жан-жақтама өздерін көрсете алды. Олимпиаданың негізгі бағыты білімге бағытталып, сонымен қатар өз өнерлерін көрсетуге үлкен мүмкіншілік туды. Сайыс соңында жүлделі орындар беріліп, студенттер кафедра оқытушылары тарапынан сыйлықтарға ие болды.