
Сапаны қамтамасыз ету және мониторинг бөлімінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 10 қыркүйекте «Business Expert Group KZ» ЖШС тарапынан инспекциялық аудит өткізілді. Аудитті ҚР ТР МС сарапшы-аудиторы П.У. Мейрбекова жүргізді.

Инспекциялық аудит барысында «ОҚМА» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің сапа менеджменті жүйесі аясында атқаратын жұмыстары тексерілді. Аудит барысында кафедралар мен құрылымдық бөлімшелер жоғары белсенділік танытып, қажетті құжаттарды уақтылы ұсынды, сұхбаттарға белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға нақты әрі негізделген жауаптар берді.
