
13 қараша 25 жылы ОҚМА қазақ,орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында құқық қорғау органдарының өкілдерімен «Интернет алаяқтық құралдары» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуге студенттер қатысты. Өкілдер интернет алаяқтықтың қазіргі түрлерін, жиі қолданылатын әдістерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Олар желідегі жалған парақшалар, фейк сайттар, мобильдік қосымшалар және онлайн аударымдар арқылы адамдарды алдайтын әдістерді мысалдармен көрсетті.
Студенттерге абай болу, күдік тудыратын хабарламаларға сенбеу, жеке деректер мен банктік ақпаратты ешкімге бермеу қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, интернет алаяқтықтан қорғану әр адамның өз қауіпсіздігіне деген жауапкершілігінде екені айтылды.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, өкілдер практикалық кеңестер берді. Өкілдер тағы бір рет ескертті: «Абай болыңдар, интернетте сақтық – басты қорғаныс».
Кездесу мазмұнды әрі пайдалы ақпаратпен аяқталды, студенттерге қажетті тәжірибелік мәліметтер берілді.