Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Интернетке тәуелділік тақырыбы...
2 наурыз 2026
1
0
0

Интернетке тәуелділік тақырыбында кездесу өткізді

Шымкент қаласындағы №150 мектепте ОҚМА, ВОП-2 кафедрасының ІЖТДО-22-25 тобының 6 курс интерндері мектеп оқушыларымен интернетке тәуелділік тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шара барысында негізгі назар интернетке тәуелділіктен арылу жолдарына, экран алдында өткізетін уақытты азайту әдістеріне және цифрлық ойын-сауыққа пайдалы баламаларға аударылды. Оқушылармен интерактивті әңгіме жүргізіліп, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Кездесу жасөспірімдер арасында саналы интернет қолдану мәдениетін қалыптастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Пікірлер орны (0)