
Дене тәрбиесі орталығында 07.10.2026 күні білім алушылар арасында шахматтан кезекті іріктеу жарысы жоғары деңгейде өтті. Сайыс барысында әрбір қатысушы асқан шеберлік, логикалық ойлау қабілеті мен жеңіске деген үлкен ұмтылысын көрсете білді. Айтулы жарысқа алыс шетелдік білім алушылар да белсене қатысып, өз шеберліктерін ортаға салды
Тақта үстіндегі тартысты ойындардың қорытындысы бойынша ең үздік нәтиже көрсетіп, алдағы жарыстарда оқу орнымыздың намысын қорғауға төмендегі білім алушылар іріктелді:
1. Досалы Алмас В-ФӨТОБ-04-25
2. Сапарбай Мейіржан ВМ-МҚБ-02-25
3. Умирзақ Нұрасыл ВМ-СҚБ-02-26
4. Ахмет Әділхан ВМ-СОА-10-26
5. Жандарбек Диас ВМ-СОБ-09-25
2. Орымбай Нұрисламбек ВМ-МҚқБ-06-26
3. Мирякибов Мирабуд ВМ-МҚА-05-24
4. Төлебаев Нұрасыл ВМ-МҚА-01-25
Барлық іріктеуден өткен білім алушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы үлкен додаларда академияның намысын қорғауға сәттілік тілейміз! Шахмат тақтасындағы әрбір жүрістеріңіз тек жеңіске жетелесін!