Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Кафедра деңгейінде сапаны ішк...
13 ақпан 2026
1
0
0

«Кафедра деңгейінде сапаны ішкі қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының кіші мәжіліс залында «Кафедра деңгейінде сапаны ішкі қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті. Семинар спикері Сапаны қамтамасыз ету және мониторинг бөлімінің меңгерушісі Ержанов Нұрлан Әмірұлы болды. 
Аталған іс-шараға каферда меңгерушілері және кафедралардағы сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесіне жауапты қызметкерлер қатысты. Семинар барысында кафедра деңгейінде сапаны қамтамасыз ету тетіктері, ішкі мониторинг жүргізу тәртібі мен есеп беру үдерістері талқыланды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Іс-шара сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге, сапа мәдениетін дамытуға және кафедралар жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталды.

Пікірлер орны (0)