
2026 жылдың 12 мамырында «Жалпы дәрігерлік практика және дерматовенерология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Медициналық жоғары оқу орындарында клиникалық оқытуды оңтайландыру» атты кафедрааралық әдістемелік конференция өткізілді. Конференцияны кафедра меңгерушісі, профессор Даткаева Г.М мен әдістемелік бөлім меңгерушісі Рашева Б.М ашып берді.
Конференцияның мақсаты – медициналық жоғары оқу орындарында клиникалық оқытудың заманауи әдістерін талқылау, тәжірибе алмасу және білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру болды.
Конференция жұмысына «Жалпы дәрігерлік практика және дерматовенерология», «Отбасылық медицина», «Жалпы тәжірибелі дәрігер – 3», «Педиатрия – 1», «Жұқпалы аурулар» кафедраларының оқытушылары қатысты.
Конференция соңында қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, клиникалық оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар айтылды. Қатысушылар клиникалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды, симуляциялық оқытуды және жасанды интеллект элементтерін қолданудың маңыздылығын атап өтті.Қатысушылар оқу әдістемелік орталық басшысы Долтаева Б.З атынан марапатталды.
Қорытындылай келе, конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында тәжірибе алмасуға және медициналық білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
