Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Конституция және ұлттық құнды...
29 маусым 2026
1
0
0

«Конституция және ұлттық құндылықтар – ел болашағының негізі»

29.06.26ж. Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер және Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедраларының ұйымдастыруымен «Конституция және ұлттық құндылықтар – ел болашағының негізі» атты «дөңгелек үстел» өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студент жастар арасында Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалған құндылықтарды кеңінен насихаттау, құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, заң үстемдігі қағидаттарын түсіндіру, сондай-ақ Ұлттық домбыра күні аясында ұлттық өнерді, салт-дәстүрлер мен мәдени мұраны дәріптеу арқылы жастардың патриоттық санасын нығайту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік идеясын ілгерілету болды.
Іс-шараның ашылуында кафедра меңгерушілері Ж.О. Нұржанбаева мен Ш.А. Аширов сөз сөйлеп, қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді. Өз сөздерінде олар Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы мен ұлттық құндылықтардың ел болашағын қалыптастырудағы рөліне ерекше тоқталды. Сонымен қатар профессор-оқытушылар құрамы тақырып аясында өз пікірлерін ортаға салып, өзекті ұсыныстарын жеткізді. Дөңгелек үстел барысында алыс шетел топтарының студенттері, атап айтқанда Үндістаннан келген білім алушылар белсенді қатысып, Қазақстан Республикасының конституциялық құндылықтары, заң үстемдігі, азаматтық жауапкершілік және ұлттық мәдени мұраның маңыздылығы жөніндегі өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар ұлттық бірлік, қоғамдық келісім және мәдениетаралық түсіністікті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Көптілділік саясаты аясында дөңгелек үстел қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілді. Бұл қатысушыларға өз ойларын еркін білдіруге мүмкіндік беріп қана қоймай, студенттердің тілдік құзыреттілігін арттыруға, мәдениетаралық коммуникацияны дамытуға және өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етті. Әр тілде мазмұнды баяндамалар жасалып, Конституцияның қоғамдағы рөлі, азаматтық жауапкершілік, ұлттық құндылықтарды сақтау және мәдени мұраны дәріптеу мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар Конституция қағидаттарын құрметтеу мен ұлттық құндылықтарды сақтау – елдің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының берік негізі екенін ерекше атап өтті.

Пікірлер орны (0)