Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Көркем сөз оқудан жарысқа түст...
22 мамыр 2025
9
0
0

Көркем сөз оқудан жарысқа түсті

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен 1мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Отан! Табиғат!, Жер–ана!»тақырыбында көркем сөз оқудан сайыс өтті. Сайыстың ашылу салтанатына оқу орнының тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол қатысып, атаулы мерекенің маңызына тоқталды. Бұл сайыстың ерекшелігі онда тек өзге этнос өкілдері бақ сынады. Үміткерлер ережеге сәйкес қазақ ақын–жазушыларының жырларын жатқа оқып, оның мағынасын түсіндіріп айтып берді. Нәтижесінде Мұқағали Мақатаевтың «Туған жерге» өлеңін оқыған ВМ-СОБ-06-24 тобының білім алушысы Хегай Артем Владимирович бірінші орынды жеңіп алды.
Ал, екінші орынды Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін оқыған ВМ-МШБ-02-23 тобының білім алушысы Ayush Singh пен Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқыған ВМ-МОА-06-24 тобының білім алушысы Раимбердиева Сарвиноз Агзамжановна өзара бөлісті. Мұқағали Мақатаев «Табиғат» өлеңін оқыған ВМ-МША-12-23 тобының білім алушысы Tehreem Khan мен Мұқағали Мақатаевтың «Шекарада» өлеңін оқыған ВМ-МОА-06-24 тобының білім алушысы Расулматова Дияна Шавкатовна үшінші орыннан көрінді.

Пікірлер орны (0)