Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Күн сәулесінің, ауа сапасы ме...
15 қазан 2026
1
0
0

«Күн сәулесінің, ауа сапасы мен тамақтанудың адам денсаулығына әсері»

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ ВМ-МОқ-05.25 тобының 3-курс студенттері «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының м.а. профессоры Д. М. Кульмирзаеваның жетекшілігімен Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 3 және 4-курс студенттері үшін «Күн сәулесінің, ауа сапасы мен тамақтанудың адам денсаулығына әсері» тақырыбында семинар өткізді. Кездесу Дене шынықтыру және спорт факультеті деканының м.а. А. М. Испандиярованың қолдауымен ұйымдастырылды.
Өткізілген іс-шара студенттердің адам денсаулығына тікелей әсер ететін қоршаған орта факторлары мен дұрыс тамақтану ерекшеліктері туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ салауатты өмір салтын сақтау мен нығайтуға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етті. Екі жоғары оқу орнының бұл бірлескен бастамасы жастардың экологиялық мәдениетін көтеруге, олардың қоршаған орта факторларының денсаулыққа әсерін түсінуіне және өз әл-ауқатына деген жауапкершілікті сезінуіне тамаша мүмкіндік берді.

Пікірлер орны (0)