
2026 жылғы 28 қыркүйекте Шет тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен ВМ-МОА-13-26, ВМ-МОБ-13-26 және ВМ-МОБ-12-26 топтарының студенттері арасында «Күзгі витаминдер фестивалі» атты танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға дұрыс тамақтану мен дәрумендердің адам денсаулығы үшін маңызын түсіндіру, күзгі жемістер мен көкөністердің пайдалы қасиеттері туралы білімдерін кеңейту, сондай-ақ шет тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіру болап табылады.
Фестиваль барысында студенттер күзгі жемістер мен көкөністердің құрамындағы дәрумендер, олардың адам ағзасына тигізетін пайдасы және денсаулықты нығайтудағы рөлі туралы мәліметтер ұсынды. Қатысушылар тақырыпқа байланысты шығармашылық қабілеттерін, тапқырлықтарын және тілдік білімдерін көрсетті. Топтар белсенділік танытып, өзара пікір алмасты және салауатты өмір салты туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті.
Іс-шара студенттердің танымдық қызығушылығын арттырып, топпен жұмыс істеу, көпшілік алдында сөйлеу және өз ойын шет тілінде еркін жеткізу дағдыларын дамытуға ықпал етті. Фестиваль достық әрі көтеріңкі көңіл күйде өтіп, барлық қатысушыларға жағымды әсер сыйлады.
Шет тілдері кафедрасы іс-шараға белсенді қатысқан студенттер мен топ жетекшілеріне алғыс білдіреді.