
2025 жылдың 19 қараша күні Психологиялық қызметтің және Шет тілдері кафедрасы ұйымдастыруымен ФӨТҚА-03-25,ФӨТҚА-01-25, ФӨТҚБ-01-25,ФӨТҚБ-03-25 топтарында «Лудоманияның алдын алу: саналы өмірге қадам» тақырыбында танымдық-психологиялық іс-шара өткізілді.
Қазіргі таңда жастар арасында құмар ойындарына әуестік пен тәуелділік - қоғамда жиі кездесетін өзекті мәселенің бірі. Лудомания (ойынқұмарлық) - адамның құмар ойындарына психологиялық тәуелді болып, шынайы өмірден алыстап, уақытын, қаржысын және әлеуметтік байланыстарын жоғалтуына алып келетін қауіпті дерт.
Осыған байланысты іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің психологиялық сауаттылығын арттыру, құмар ойындарының психологиялық және әлеуметтік салдарын түсіндіру, сондай-ақ тәуелділіктің алдын алу жолдарын көрсету болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға лудоманияның белгілері, пайда болу себептері мен оның психологиялық әсері жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Арнайы дайындалған бейнематериалдар мен ақпараттық буклеттер арқылы құмар ойындарының адам психикасына әсері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, студенттерге саналы өмір салтын қалыптастыру, эмоцияны басқару және уақытты тиімді пайдалану бойынша практикалық кеңестер берілді.
Психологиялық қызмет мамандары «ТАКЕР» тесті нәтижелері негізінде студенттерге топтық психологиялық кеңес беріліп, тәуелділіктің алдын алу бойынша ұсыныстар жасалды.
Іс-шара соңында студенттер өз ойларымен бөлісіп, ойынқұмарлықтың алдын алу мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.