Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Мамандығым-мақтанышым!» тақыр...
29 сәуір 2026
1
0
0

«Мамандығым-мақтанышым!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Гигиена және эпидемиология» кафедрасының доцент м. а. С.У.Ескерованың ұйымдастыруымен 28.04.2026 жылы «Мамандығым-мақтанышым!» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында еңбек етіп жүрген «ОҚМА» АҚ «Медициналық-профилактикалық іс» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтарын бітірген түлектер, кафедраның профессор-оқытушылық құрамы, «Медициналық-профилактикалық іс» интеграцияланған білім беру бағдарламасының 1,3-курс, «Қоғамдық денсаулық» білім беру бағдарламасының 3-курс білім алушылары қатысты. 
Дөңгелек үстелдің мақсаты - халықтың денсаулығын қорғау және аурулардың алдын алу бағытындағы мамандықтардың маңызын ашып, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамту аясындағы тәжірибе мамандарынан тікелей ақпарат алуы арқылы болашақ мамандардың өз мамандықтарын дұрыс түсінуіне, бағытын таңдауға, сонымен қатар кәсіби көзқарас қалыптастыру болып табылады.
Дөңгелек үстел барысында модератор С.У.Ескерова «Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет бағытында мамандарды даярлаудың бүгіні мен келешегі» тақырыбында баяндама жасап, бүгінгі таңдағы ҚР ЖОО-ғы білім берудегі заманауи өзгерістерге, республика көлемінде білім беру және ғылым бағытында жасалып жатқан оң істерге, «Медициналық-профилактикалық іс» интеграцияланған білім беру бағдарламасында болып жатқан ерекшеліктерге тоқталып, жасанды интеллект көмегімен жасалған видеороликті қатысушылар назарына ұсынды. 

Облыстық клиникалық аурухананың бас эпидемиологы А.О.Қаработаева қатысушыларға клиникалық эпидемиологтың функционалдық міндеттерін, атқаратын жұмыс ауқымын, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылауды, ауруханада медициналық көмек көрсетуден туындаған инфекциялық аурулардың алдын алу іс-шараларын, медициналық қалдықтарды жинау, тасымалдау, зарасыздандыру жұмысын жүргізудің маңыздылығын, дезинфекциялық ертінділерді пайдалану тәртібін нақтылап айтып берді. 
Шымкент қаласы Обаға қарсы стансаның дәрігер-эпидемиологы С.Б. Усибалиева жасаған презентациялық баяндамасында білім алушыларға стансаның құрылымын, міндеттері мен атқаратын функцияларын, стансада, оның ішінде бактериологиялық зертханада еңбек ету жағдайын, биологиялық қауіпсіздік шараларын, жүргізілетін эксперимент түрлерін, аса қауіпті аурулар, оның ішінде оба, тырысқақ, Конго-Қырым геморрагиялық қызба, кене энцефалиті ошақтарында жұмыс жасау ерекшеліктерін, станса қызметкерлерінің денсаулығын қорғау мақсатында жыл сайын мақсатты вакцина алатындықтарын, сонымен бірге Обаға қарсы станса ұжымының жүргізіп жатқан жұмыстарын айтып берді. 


 
ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысы ШЖҚ РМК «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының Санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің басшысы С.А.Ерназар өз сөзінде мекемедегі зертханалардың түрлерін, атқаратын жұмыстарын, тексеру нысандарына зертханалық, аспаптық зерттеу жүргізетінін, қоршаған орта нысандарынан сынамалар, үлгілер алатынын, оларды зертханаға жеткізу, рәсімдеу және тіркеу тәртіптерін баяндады. 
Шымкент қаласы Тұран аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиология бөлімінің басшысы О.Т. Абдукаримов дөңгелек үстелге қатысушыларға санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің құрылымын, міндеттері мен атқаратын функцияларын, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің құқықтарын, міндеттерін, коммуникативтілігін, инновациялық технологияларды меңгеруін және басқа органдармен жұмыс жасау тәртіптерін, нысандарды тергеп-тексерудің түрлерін, сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтарды тәжірибелік мысалдар келтіре отырып баяндады.

«Ұлттық сараптама орталығы» филиалының ШЖҚ РМК «Түркістан облысы дезинфекция орталығы» филиалының бөлім басшысы Г.А.Карманова қатысушыларға орталықтың құрылымына, атқаратын жұмыс көлемі мен түрлеріне, дезинфекциялық қондырғылардың, дезинфекция, дезинсекция және дератизацияның маңызына тоқталып, болашақ мамандарды жақсы оқуға, сондай-ақ, жұмысқа шақырды. 
ОҚМА Медицина факультетінің декан орынбасары М.М.Дүйсенбаева білім алушыларға академия қабырғасында білім алғанын, осы оқу орнында магистратурада оқып, қазіргі кезде білім алу үшін жақсы жағдайлар жасалғанын, сонымен бірге білім алушыларға білім беру бағдарламаларына сәйкес денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларында еңбек етуге мүмкіндіктерінің бар екеніне тоқталып өтті.
 

Медицина докторанты З.К.Авизова «Моя профессия - моя гордость»» тақырыбындағы презентациясында дөңгелек үстелге қатысушыларға академияда «МПІ» мамандығы бойынша білім алып, «Медицина» білім беру бағдарламасымен магистратураны аяқтап, қазіргі кезде мемлекеттік грантпен Батыс Қазақстан медицина университетінде докторантурада білім алып жатқанын, ғылыми зерттеу тақырыбының өкпе қатерлі ісігінің профилактикасына арналғанын, себебі профилактикалық медицина маманы ретінде халық арасындағы кең таралған дерттің алдын алу мен күресуге бағытталғанын, халықаралық дәрежедегі басылымдарға ғылыми мақалалар жариялайтынын атап өтті, сонымен қатар емдеу мекемесінде эпидемиолог, кейін «Гигиена және эпидемиология» кафедрасында оқытушылық қызмет атқарып, ағылшын тілінде шет ел студенттеріне сабақ бергенін баяндап, білім алушыларды заман ағымына сай ағылшын тілін және технологиялық-коммуникацияларды меңгеруге, ғылыммен айналысуға шақырды. 
Мамандар білім алушыларды шынайы тәжірибелік мәліметтерімен қызықтыра білді, өз кезегінде білім алушылар да мамандарға қатысты қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды. Дөңгелек үстел соңында кафедра меңгерушісі Д.М.Кульмирзаева қорытынды сөз сөйледі. 

Пікірлер орны (0)