Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Мамандық таңдау – тағдырыңды т...
6 қараша 2025
9
0
0

Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрсетілгендей, білім беру жүйесінің басты міндеті – ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті мамандар даярлау.
 «Гигиена және эпидемиология» кафедрасында доцент м.а. З.И. Бейсембаева 1 курс МПІ мамандығы бойынша ВМ-МПІҚАБ-01-25 топтарының білім алушыларын болашақ мамандықтарына баулу мақсатында «Мамандыққа кіріспе» пәні аясында Шымкент қаласы Тұран аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынының жұмысымен таныстырды. Білім алушылар басқарманың санитариялық-гигиеналық бөлімінің коммуналды гигиена, тағам гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімшелерінде және эпидемиология бөлімдерінде болып, сондағы мамандар жұмыстарының қызығы мен қиыншылығы, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі жайлы айтты. Танысу тәжірибесі өте қызықты және танымды болды. Сонымен қатар госпитальды эпидемиолог жұмысымен танысу мақсатында қалалық перинатальдық орталықтың инфекцияны бақылау бөлімінің меңгерушісі С.Айдарова орталықтағы госпитальды эпидемиолог қызметінің негізгі бағыттарымен және міндеттерімен таныстырды. Білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, болашақ мамандықтарының қыр-сырын білді. 
Білім алушыларға болашақ жұмыс орындарына бару жағымды әсер қалдырды. Олар өздерінің болашақ мамандығын таңдаған кезде қателеспегендігіне риза болды. 

Пікірлер орны (0)