Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Медицина» білім беру бағдарла...
10 желтоқсан 2025
1
0
0

«Медицина» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерінің академиялық ұтқырлығы

Түркия Республикасы, Ыстамбұл қ. (Sağlık Bilimleri Üniversitesi, İstanbul, Turkey) Денсаулық сақтау ғылымдары университетіндегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2025 жылдың 24 қараша мен 26 желтоқсан аралығында МАА-11-22 тобының «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 4-курс үш студенті «Ішкі аурулар» және «Травматология» пәндері бойынша білім алуда.
Академия студенттері Хасеки Сұлтангази оқу-зерттеу ауруханасының терапия (ішкі аурулар) және ортопедия бөлімдерінде клиникалық тәжірибеден өтуде.
Оқу үдерісі студенттерді толыққанды клиникалық жұмыс барысына енгізуге және мультидисциплинарлық медициналық команда құрамында тәжірибелік дағдыларды меңгеруге бағытталған.
Студенттер клиникалық конференцияларға қатысып, онда күрделі клиникалық жағдайларды өзара талқылап, диагностика мен емдеу нәтижелерін зерттеуді үйренуде. Науқасты жүргізу жоспары талдауда, сондай-ақ жиі жіберілетін қателіктер мен оларды түзету жолдарын қарастыруда өз үлестерін қосуда.
Хасеки Сұлтангази ауруханасындағы тағылымдама студенттерге нақты клиникалық тәжірибе жинақтауға, халықаралық медициналық жүйенің жұмысымен танысуға, кәсіби құзыреттерін кеңейтуге және мультидисциплинарлық командада тиімді жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік береді.
Академия басшылығына көрсеткен қолдауы, сенімі және халықаралық клиникалық база негізінде құнды кәсіби тәжірибеден өтуге мүмкіндік бергені үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Пікірлер орны (0)