
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жанындағы медицина колледжінің бітіруші түлектеріне диплом табысталды. Салтанатты іс-шарада оқу орнының ректоры Сейтжанова Жанна Серікжанқызы құттықтау сөз сөйлеп, оқу орнын үздік тәмамдаған түлектерге дипломдарын табыстады. Іс-шара барысында оқу озаттары мен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан студенттердің ата-аналарына ректордың атынан Алғыс хаттар табысталып, олардың ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі ерекше аталып өтті.

Сондай-ақ, оқу орнының академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Анартаева Мария Ұласбекқызы, клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры Нұрмашев Бекайдар Қалдыбайұлы, ғылыми және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Аукенов Нұрлан Ерденұлы, тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы, медицина колледжінің директоры Кушкарова Алтыншаш Мұхаметқалиқызы, «Мейіргер ісі – 1» кафедрасының меңгерушісі Бағдат Серікова және «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасының меңгерушісі Сатаев Амангелді Тойболұлы түлектерге ізгі тілектерін арнап, дипломдарын салтанатты түрде табыстады.
