Ағымдағы жылдың сәуір айында «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия» кафедрасының магистранттары «Мемлекеттік гуманитарлық-технологиялық университеті» (Мәскеу облысы, Орехово-Зурево) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық «Медицина және фармация. Өткені, бүгіні, болашағы» ғылыми-практикалық конференциясына онлайн режимінде қатысты.
Іс-шара медицина және фармацевтикалық университеттердің жас ғалымдарын, зерттеушілерін және оқытушыларын біріктіріп, тәжірибе алмасуға және өзекті ғылыми әзірлемелерді ұсынуға мүмкіндік берді.
Магистранттар фармацевтикалық экология саласындағы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен таныстырды. Бұл бағыттың өзектілігі фармацевтикалық субстанциялар мен препараттардың қоршаған ортаға әсерін бағалау, сондай-ақ оларды бақылаудың тиімді әдістерін әзірлеу қажеттілігіне байланысты. Дәрілік заттарды тұтынудың өсуі жағдайында экожүйенің ластану қаупі артады, бұл фармацевтикалық экологияны ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының біріне айналдырады.
«Фармацевтикалық экология» бейіні бойынша «Фармация» білім беру бағдарламасының екінші курс магистранты Абдукаримова Камола «Дәрілік заттардың қалдықтарын анықтау үшін сүт сынамаларынан сынама дайындау әдісі» тақырыбында баяндама жасап, бейіндік бөлім бойынша бірінші орынды иеленді. Зерттеу азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды мәселесін және тамақ матрицаларындағы дәрілік заттардың қалдықтарын бақылау қажеттілігін көрсетеді.
Осы бағдарламаның 1 курс магистранты Матаева Гульмира «Стероидты гормондар фармацевтикалық экологияның объектілері ретінде» тақырыбында баяндама жасап, өз секциясында да жеңімпаз атанды. Жұмыс стероидты гормондардың қоршаған ортадағы тұрақтылығы мен таралуын зерттеуге арналған, бұл экожүйелер мен адам денсаулығына қауіпті бағалау тұрғысынан жоғары маңызға ие.
Конференция қорытындысы бойынша ғылыми материалдар жинағы жарияланып, eLIBRARY.RU платформасында орналастырылды.
Конференция ұйымдастыру комитеті магистранттарды және олардың жетекшісі проф. С.Қ. Ордабаеваға лайықты жеңістері туралы және ОҚМА-ның халықаралық ғылыми аренадағы жоғары деңгейде танылғаны үшін алғысын білдіреді және ғылыми және кәсіби қызметінде одан әрі табыстар тілейді.