Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Мемлекеттік егемендік – Тәуел...
22 қазан 2025
5
0
0

«Мемлекеттік егемендік – Тәуелсіз Қазақстанның бастауы»

Мемлекеттік Егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай студенттерге Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы маңызды кезеңдерді таныстыру, егемендіктің тарихи, саяси және құқықтық мәнін түсіндіру мақсатында «Мемлекеттік егемендік – Тәуелсіз Қазақстанның бастауы» тақырыбында 2025 жылдың 22 қазан күні «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен В-ФҚАБ-01-25 тобына арналған арнайы дәріс өткізілді. Дәрісті соц.ғ.к., профессор м.а. Ертаев Мухаметкарим Абдукаримович жүргізді.
Дәріс барысында лектор 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның» тарихи маңызын кеңінен ашып түсіндірді. Ол аталған Декларацияның Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуындағы алғашқы саяси-құқықтық құжат екендігіне тоқталды.
Сондай-ақ, дәріс барысында егемендіктің негізгі қағидалары, атап айтқанда: саяси дербестік, экономикалық тәуелсіздік, ұлттық қауіпсіздік пен халықаралық қатынастардағы тең құқықтылық мәселелері кеңінен талқыланды.
Ертаев М.А. студенттермен кері байланыс орнатып, олардың сұрақтарына жауап беріп, тақырып төңірегінде пікір алмасуға мүмкіндік жасады. Дәріс интерактивті түрде, жоғары деңгейде өтті.
Дәріс студенттер үшін өте пайдалы әрі мазмұнды болды. Олар Қазақстанның егемендікке жету жолындағы күрделі тарихи кезеңдермен танысып, өз отанының тәуелсіздік тарихына деген қызығушылықтарын арттырды. Іс-шара патриоттық тәрбие беруде үлкен рөл атқарды.

Пікірлер орны (0)