
2025 жылдың 29 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан академиясының ректоры Жанна Серікжанқызы Сейітжанова және ғылыми және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Нұрлан Ерденұлы Әукенов Назарбаев Университетінде медициналық технологиялардың R&D орталығының салтанатты ашылуына қатысты.
Іс-шараға көптеген қонақтар, соның ішінде жетекші жас ғалымдар, инженерлер, медицина және инновация саласындағы мамандар қатысты. Салтанатты жиында ОҚМА мен Назарбаев Университеті арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінді және бұл ынтымақтастық туралы маңызды меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум медицинаны ілгерілетуге және инновациялық медициналық технологияларды жасауға бағытталған бірлескен ғылыми жобаларды және START-UP жобаларды жүзеге асырудың жаңа перспективаларын ашады.
Салтанатты шара барысында ОҚМА медицина мамандығының 1-курс докторанты Джапаров Ахмадкул Ирискулович Оңтүстік Қазақстан академиясы, Назарбаев Университеті және R&D орталығы арасындағы ағымдағы және жоспарланған бірлескен жобаларды егжей-тегжейлі баяндайтын презентация жасады. Оның баяндамасы медицина саласындағы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік әзірлемелерді ілгерілету үшін күштерді біріктірудің маңыздылығын көрсетіп берді.
Бұл оқиға ғылыми серіктестікті нығайту және ОҚМА-ның инновациялық әлеуетін ынталандырады, Академияның одан әрі дамуына ықпал етудегі маңызды қадам болады және Қазақстан медицинасын жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі.