
“Отбасылық медицина” кафедрасының ұйымдастыруымен «Ақыл, жүрек, қайрат – науқастың үміті сенде» ұранымен 14- мамыр Халықаралық Донорлар күніне орай қалалық қан орталығында ІЖТДҚ-13-24, ІЖТДҚ-14-24, ІЖТДҚ-27-24 және ІЖТДҚ-28-24 топ интерн-дәрігерлері Шымкент Қалалық қан орталығында “ Мен – донормын, өзгеге үміт сыйлаймын” тақырыбында донорлық акцияға қатысып, игі іс атқарды.
Іс шараның мақсаты: Донор болу – батырлық емес, бұл – жүректің мейірімі. Донорлық – бұл адам өмірін құтқару мен денсаулығын жақсартудың маңызды жолы. Қан орталықтарында донор болу – әрбір азаматтың әлеуметтік жауапкершілігін көрсетуге, сондай-ақ қоғамға пайдалы іс жасауға мүмкіндік береді.
Аталған іс-шара барысында дәрігер-интерндер қан орталығына барып, донор ретінде тіркеліп, барлық қажетті медициналық тексерулерден өтті. Донор болуға ниет білдірген әрбір адам алдымен дәрігерлік бақылаудан өтіп, денсаулық жағдайы тексерілді. Бұл – донордың да, реципиенттің де қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды қадам.
Тексеру нәтижелері бойынша денсаулығы талапқа сай келген интерндер қан тапсырды. Қан алу процесі толықтай қауіпсіз жағдайда, барлық санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып жүргізілді. Мамандар донорларға барлық кезеңдерді түсіндіріп, қажетті кеңестер берді.

Бұл іс-шара дәрігер-интерндердің тек кәсіби емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілігін де көрсетті. Олар өз үлгілері арқылы қоғамда донорлық мәдениетті дамытуға үлес қосты. Сонымен қатар, бұл тәжірибе олардың болашақ маман ретінде пациенттердің жағдайын тереңірек түсінуіне ықпал етті.
Акция барысында донорлардың көңіл-күйіне ерекше назар аударылып, оларға қолайлы жағдай жасалды. Қан тапсырғаннан кейін донорларға демалу уақыты беріліп, арнайы жеңіл тағамдар ұсынылды. Бұл донорлардың жағдайын қалпына келтіруге көмектеседі.
Донор болу – тек ерлік емес, бұл адамгершілік пен жанашырлықтың биік көрінісі. Донор болу – ерекше сезім. Біз біреуге беймәлім болсақ та, жүрегімізбен жақынбыз. Біз адамгершілікке, мейірімге толы жолды таңдадық. Біз де біреуге өмір сыйлай аламыз.
«Сіз де донор болыңыз. Сіз де біреуге өмір сыйлай аласыз!» деп осы игі іс-шараны жалғастыруға шақырамыз.
