
Пушкин атындағы кітапхананың тынысы, кітап иісі, оқырман залындағы жылы жарық — бәрі де ерекше әсер қалдырды. С-ФК-11-01-24 АБ тобы «Мен оқып шықтым, сізге де оқуға кеңес беремін» атты тәрбие жұмысы аясында осы мәдени ордаға барды. Кітапхана қызметкерлері арнайы Шоқан Уәлихановқа арналған танымдық іс-шара ұйымдастырған.
Іс-шара барысында Шоқанның өмірі мен ғылымға қосқан үлесі туралы бейнематериал көрсетілді. Кітапханашылар оның ел аралаған экспедициялары, суретшілік таланты, зерттеушілік ерлігі жөнінде мазмұнды әңгіме айтты.
Шоқанға арналған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Әр кітап сөрелерден үнсіз ғана «мені де оқы» дегендей сыбырлап тұрғандай әсер қалдырды.
Студенттер Шоқанның мәдениетті ұлықтаудағы рөлі мен қысқа ғұмырдың терең мағынасы туралы ой бөлісті. Топ жастары тарихи тұлғаның тағдырына қызығушылық танытып, бұрын білмеген деректерін естігенде таңырқап, шабыттанғандары байқалды.
Кітапхана атмосферасы жастарды оқуға жетелеп, «білім – еркіндік» екенін тағы бір дәлелдеді.
Іс-шара жастардың рухани көкжиегін кеңейтті. Шоқан Уәлихановтың өнегелі өмірі — білімге, ғылымға, елге қызмет етуге шақырған үн секілді. «Мен оқып шықтым» деген идея топтың жүрегіне кішкентай жарық сыйлап, енді олар да өзгелерге оқуға кеңес беретін деңгейге жетті.