Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «МЕН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАЙМЫ...
3 сәуір 2025
118
0
0

«МЕН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАЙМЫН» апталығы аясында

2025 жылғы 1 сәуір күні «ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледжінде Психологиялық қызметтің маманы Досымбекова Айгерімнің ұйымдастыруымен деструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Стрессті бақылау» және «Агрессиядан арылу жолдары» тақырыптарында топтық семинар-тренинг өткізілді. Семинарға тәжірибелі психолог, гештальт-терапевт С. Асанова мен мотивациялық коуч Ж. Сайдахан қатысып, 2-курс «Емдеу ісі» мамандығының білім алушыларына өз тәжірибелерімен бөлісті. Аталған жобаның мақсаты - жастар арасында психологиялық сауаттылықты арттыру, өмірге деген қызығушылығын арттыру, ұйымдастырушылық қабілетін, командамен жұмыс дағдыларын қалыптастыру және ой - өрісін дамыту.

Пікірлер орны (0)