Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Мерейі үстем мәртебелі ұстазда...
22 қазан 2026
1
0
0

Мерейі үстем мәртебелі ұстаздар

25 қазан – Республика күніне орай Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары білім беру саласына қосқан үлесі мен жемісті еңбектері үшін марапатталды.
Кафедраның аға оқытушысы Беккулова Ақмарал Атығайқызы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің «Тіл жанашыры» Құрмет Дипломымен марапатталды.
Сонымен қатар, кафедра оқытушысы Турматова Ажар Беркімбайқызы қоғамдық және тәрбие жұмыстарына белсенді қатысып, академияның дамуына қосқан үлесі үшін «ОҚМА» АҚ ректоры Ж.С. Сейтжанованың Алғыс хатымен марапатталды.


Бұл марапаттар – ұстаздардың кәсіби біліктілігіне, қажырлы еңбегіне және білім алушыларды тәрбиелеу ісіне қосқан үлесіне көрсетілген зор құрмет.
Құрметті ұстаздар, марапаттарыңыз құтты болсын! Еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, абырой-беделдеріңіз арта берсін! Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық табыс және кәсіби қызметтеріңізде жаңа жетістіктер тілейміз!

Пікірлер орны (0)