
Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру және басқару» кафедрасының ұйымдастыруымен «Микроквалификация: «Ұйымдағы командалық тиімділіктің құралы ретіндегі коммуникация»» тақырыбында ашық дәріс-семинар өтті. Іс-шара фармацевтикалық нарықтың заманауи талаптарына жауап беретін микроквалификацияларды әзірлеу мәселелеріне және олардың Қазақстанда, соның ішінде ОҚМА-да дамуының перспективаларына арналды.

Дәріс-семинардың спикері — PhD, ФІҰБ кафедрасының қауым. профессоры Умурзахова Галия Жанбырбаевна.
Іс-шараға шақырылған қонақтар:
• Кенесова К. Ж. — құзыреттілік және қосымша кәсіби білім беру орталығы басшысы;
• Альжанова Хадиша Дербесовна — ОҚО «Даму» фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығының директоры;
• Арыстанбаев К. Е. — «Фармация» факультетінің деканы, техн.ғ.к., қауым. профессор;
• Сейдахметова А. А. — «Медицина» факультетінің деканы, м.ғ.к., доцент;
• Рашева Б. М. — оқу-әдістемелік орталық әдістемелік бөлім меңгерушісі;
• Токсанбаева Ж. С. — «Дәрілер технологиясы және фармакогнозия» кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.к., профессор м.а.;
• Ибрагимова А. Г. — «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология» кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.к., доцент м.а.,;
• Торланова Б. О. — фарм.ғ.к., профессор м.а.;
• Серикбаева А. Ж. — фарм.ғ.к., Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының қауым. профессор;
• Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы.
Дәріс барысында микроквалификациялардың даму бағыттары, командалық тиімділікті қалыптастырудағы коммуникацияның рөлі, фармацевтикалық нарықтың қазіргі талаптары және білім беру процесіне қысқа мерзімді кәсіби модульдерді енгізудің маңыздылығы жан-жақты талқыланды.
Осындай дәріс-семинарлар оқу бағдарламаларын жаңғыртуға, тәжірибе-бағдарлы оқытуды нығайтуға және қазіргі фармацевтикалық нарық жағдайында ОҚМА түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өз үлесін қосады.