
18 Наурыз 2026 жылы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ФҚ-01-25 топ студенттері Наурыз мерекесіне орай тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттау, мәдени мұрасын дәріптеу және студенттер арасында ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру болды.
Мерекелік бағдарлама барысында қатысушылар қазақтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін таныстырып, ұлттық тағамдар, соның ішінде наурыз көже, бауырсақ ұсынылды. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ойнатылып, әндер шырқалып, көріністер қойылды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Наурыз мерекесінің мәні мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, ұлттық рухты көтеруге өз үлесін қосты.
Қорытындылай келе, бұл шара студенттердің бірлігін нығайтып, қазақ халқының бай мәдениетін насихаттауда маңызды рөл атқарды.