Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Неврология бойынша II Халықара...
19 ақпан 2026
1
0
0

Неврология бойынша II Халықаралық кафедрааралық онлайн-мектеп өтеді

2026 жылдың 24 ақпанында сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы бас корпусында АҚ «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» мен Астрахан мемлекеттік медицина университеті ынтымақтастығы аясында неврология бойынша II Халықаралық кафедрааралық онлайн-мектеп өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының медициналық жоғары оқу орындарының оқытушыларын, тәжірибелік дәрігерлерін және білім алушыларын біріктіреді. Онлайн-мектептің өткізілуі тікелей трансляциямен қатар жүргізіледі, бұл студенттерге, резиденттерге және оқытушыларға іс-шара жұмысына офлайн форматта қатысуға мүмкіндік береді.
Іс-шара заманауи неврологияның өзекті мәселелерін талқылауға, ғылыми және клиникалық тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бейінді кафедралар арасындағы халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Онлайн-мектептің модераторлары ретінде неврология саласындағы жетекші мамандар — профильдік кафедралардың меңгерушілері мен профессорлары қатысып, ғылыми бағдарламаның сараптамалық сүйемелденуін және кәсіби пікірталастың жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Іс-шара аясында тұқым қуалайтын неврологиялық аурулардың молекулалық-генетикалық зерттеулері, АИТВ-инфекциясы кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдану ерекшеліктері, MELAS-синдромының клиникалық жағдайы, сондай-ақ созылмалы полинейропатияны диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері секілді өзекті тақырыптар қарастырылады.
Резиденттер мен ординаторлардың клиникалық бақылаулар мен ғылыми зерттеу нәтижелерін таныстыруына ерекше назар аударылады. Баяндамалар аяқталғаннан кейін қатысушылар ұсынылған материалдарды талқылап, кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік алатын пікірталас өткізіледі.
Онлайн-мектептің өткізілуі кәсіби диалогқа арналған маңызды алаңға айналып, жас мамандардың біліктілігін арттыруға және халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.

Пікірлер орны (0)