Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Нейробұлшықеттік патологияларғ...
7 қараша 2025
11
0
0

Нейробұлшықеттік патологияларға арналған шеберлік сыныптар өтті

Шымкент қаласындағы Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйінде «Пәнаралық неврология» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жалғасын табуда. Бүгін конференция аясында сирек және демиелинизациялық патологиялар (РС, NMOSD, МГ) бойынша тақырыптық секциялық отырыстар мен нейробұлшықеттік патологияларға арналған шеберлік сыныптар өтуде.


Жалпы конференцияда нейрогенетика және нейродегенеративті аурулар, демиелинизацияланатын аурулар, жүйке жүйесіне әсер ететін орфандық дерттер, цереброваскулярлық патология, шеткергі жүйке жүйесінің аурулары, нейрореабилитация, эпилепсия және эпилептикалық синдромдар, сондай-ақ эпилепсия хирургиясы сияқты маңызды тақырыптар талқылануда. 
Айта кетсек, бұл ауқымды ғылыми іс-шараны Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының неврология, психиатрия және реабилитология кафедрасы, кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Н. А. Жарқынбекованың жетекшілігімен ұйымдастырды.
Конференцияға Ресей, Ұлыбритания, Германия және Өзбекстаннан келген жетекші мамандар, неврологтар, нейрогенетиктер, реабилитологтар және нейрофизиологтар қатысуда.

Пікірлер орны (0)