Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Өмір -ең басты құндылық тақыры...
23 қыркүйек 2025
26
0
0

Өмір -ең басты құндылық тақырыбында кездесу

2025 жылдың 22 қыркүйек айында Психологиялық қызмет және Шет тілі кафедрасының ұйымдастыруымен Өмір -ең басты құндылық тақырыбында кездесу өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — қоғамда өзекті мәселелердің бірі болып отырған психологиялық күйзеліс, суицидтік мінез-құлық және құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, сондай-ақ жастар мен ересектер арасында психологиялық сауаттылықты арттыру.
Кездесуде қалалық жастар ресурстық орталығының психолог маманы Қоңрат Үміт Қайсарқызы қазіргі қоғамда жиі кездесетін күйзеліс, жалғыздық, депрессия және өмірлік тығырықтан шығудың жолын таба алмау сияқты мәселелерге тоқталып, олардың салдары ретінде суицидтік ойлардың пайда болатынын атап өтті. Қатысушыларға мұндай жағдайда қандай әрекеттер жасау керектігі, қайда жүгіну керек екені, қандай дабыл белгілеріне назар аудару қажеттігі туралы нақты ақпарат берілді.

Пікірлер орны (0)