
2026 жылғы 15 қазанда «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушысы А. Б. Турматова 1-курс, В-МҚАБ-10-26 тәлімгерлік тобымен «Өмірлік қиындықтарды еңсеру және әлеуметтік бейімделу» тақырыбында тәлімгерлік сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің өмірлік қиындықтарға төзімділігін арттыру, жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсету, өзіне деген сенімділігін нығайту және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Тәлімгерлік сағат барысында студенттер қиын жағдайлардан шығу жолдары, күйзелісті басқару, дұрыс шешім қабылдау және қоршаған ортамен тиімді қарым-қатынас орнату туралы пікір алмасты. Сондай-ақ түрлі жағдаяттық тапсырмалар орындалып, өзара қолдау мен түсіністіктің маңыздылығы талқыланды.
Іс-шара соңында студенттер өмірлік қиындықтарды жеңудің басты шарттары – сабырлылық, табандылық, өзіне деген сенім және жақын адамдардың қолдауы екенін атап өтті.