Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Оңтүстік Қазақстан медицина а...
26 шілде 2023
809
0
0

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы»АҚ диссертациялық кеңес ашылды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №344 бұйрығына сәйкес «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ 8D10141-«Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық Кеңес ашылды.
«ОҚМА» АҚ жанындағы диссертациялық кеңес-докторанттардың диссертацияларын қорғауды жүргізетін және уәкілетті органға - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне-философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы өтініш жасайтын алқалы орган.
Осыған байланысты докторанттарды біздің диссертациялық кеңесімізге диссертацияны қорғауға шақырамыз.
Барлық туындаған мәселелер бойынша ғылыми-клиникалық жұмыс, докторантура және магистратура басқармасының менеджері– Тұрсынәлі Ақерке Жанабайқызына хабарласуға болады.

 

Байланыс тел: +7 707 414 48 19, e-mail: erkeshmn@mail.ru

Пікірлер орны (0)