
2026 жылдың 30 қыркүйек күні «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы медицина колледжінде кезекті тәлімгерлік жиналыс өткізілді.
Жиналысқа тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы және комплаенс офицер Пернебаев Нұрғали Әлиханұлы қатысуымен өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – колледждегі тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылу барысын талқылау, тәлімгерлердің студенттермен жүргізіп отырған жұмыстарын саралау және алдағы кезеңге арналған міндеттерді нақтылау.
Жиналыс барысында студенттердің сабаққа қатысуы мен оқу тәртібі, колледждің ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар студенттер арасында құқықбұзушылықтың, буллингтің және әдеп нормаларын бұзудың алдын алу, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы өз сөзінде студенттердің әлеуметтік жағдайын назарда ұстаудың, тәлімгерлердің студенттермен тығыз қарым-қатынас орнатуының және тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Пернебаев Нұрғали Әлиханұлы студенттер арасында әдеп мәдениетін қалыптастыру, колледждегі ішкі тәртіп пен академиялық адалдық талаптарын сақтау, сондай-ақ құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыстарға тоқталды. Тәлімгерлерге студенттерге құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, тиісті мамандармен бірлесіп жұмыс жүргізу қажеттігі айтылды.
Кездесу барысында тәлімгерлер өзара тәжірибе алмасып, студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.
Жиналыс қорытындысы бойынша тәлімгерлерге алдағы уақытта тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу, студенттердің сабаққа қатысуы мен тәртібін бақылау, олардың әлеуметтік-психологиялық жағдайына назар аудару және колледждің тәрбие бағыттары бойынша белгіленген іс-шараларға белсенді қатысу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Кезекті тәлімгерлік жиналыс өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған мазмұнды кездесуге айналды.