13-20 шілде аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қабылдау комиссиясында талапкерлерден мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі конкурсқа құжаттар қабылдау жүзеге асырылады. Академия мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары оқу орындарының тізіміне енгізілген. Жалпы конкурс бойынша талапкерлер бакалавриаттың "Медицина", "Педиатрия", "Медициналық-профилактикалық іс", "Мейірбике ісі", "Фармация", "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" білім беру бағдарламалары бойынша грантқа түсе алады. Осы білім беру бағдарламалары, сондай-ақ "Стоматология" және "Қоғамдық денсаулық" бойынша ақылы бөлімге құжаттарды қабылдау 10-25 тамыз аралығында жүргізіледі.