
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қызметкерлері мен студенттері Республика күніне орай Шымкент қалалық Жастар саясаты басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсіміне белсенді түрде қатысты.

Салтанатты шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.