Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Оңтүстік Қазақстан медицина ак...
23 қыркүйек 2026
1
0
0

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттерімен жұмысқа орналасу, құқықтық тәртіп және отбасылық құндылықтар мәселелері талқыланды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында жастар арасындағы өзекті мәселелерге арналған ақпараттық-танымдық кездесу өтті.
Кездесу барысында жастар арасындағы жұмыссыздық, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат, дін мәселелері, жастар арасындағы қылмыстың алдын алу және құқықбұзушылыққа қарсы күрес бағыттары кеңінен талқыланды.
Іс-шараға:
🔹 Дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ-нің теолог маманы Әбдіманап Нұрхан Нұртасұлы;
🔹 «Қазақстан әйелдерінің Республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы, Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Жандосова Баян Айтбекқызы;
🔹 Әл-Фараби ауданы бойынша Мансап орталығының басшысы Оспанханова Жаннат Бахытжанқызы қатысты.
Кездесуге қатысушылар жастарды жұмыспен қамту, отбасылық құндылықтарды нығайту, діни сауаттылықты арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзекті ақпараттармен бөлісті.


Іс-шараны Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Әбіл Елғонды жүргізіп отырды.

Пікірлер орны (0)