
2026 жылдың 18 наурыз күні «ОҚМА» АҚ акт залында Қазақстан Республикасының «Қаржы орталығы» АҚ аға маманының түлектермен онлайн форматта кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты - медициналық ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру тетіктерін, білім беру гранттарын пысықтау шарттарын, сондай-ақ түлектердің «Қаржы орталығы» АҚ-мен өзара байланыс тәртібін түсіндіру. Кездесуге «Қаржы орталығы» АҚ аға маманы – Байсеркешова Мария Сагитжановна, мансап бөлімінің меңгерушісі Юнусметов Элдор Шавкатович интернатура деканының орынбасары Сабуров Алишер Раджапбаевич, резидентура деканының орынбасары Айтен Майра Бағыстанқызы, мансап бөлімінің менеджерлері және білім алушылар қатысты.

Кездесу барысында «Қаржы орталығы» АҚ аға маманы түлектерді бөлудің қолданыстағы ережелері, шарттық міндеттемелерді жасасу және орындау тәртібі, жұмыстан босату шарттары, сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде жұмысқа орналасу орнын түзету мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Баяндама аяқталғаннан кейін «сұрақ-жауап» секциясы аясында түлектер белсенді сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға «Қаржы орталығы» АҚ өкілі тарапынан толық және мазмұнды жауаптар берілді. nКездесу соңында тараптар түлектердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында жас мамандарды тиімді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге бағытталған одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.