16.10.2023ж Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының “ Жастар рухы” жастар қанатының ресми таныстыру кеші өтті. Кешке Оңтүстік Қазақстан медицина акадмиясы “Болашақ” академия жастар орталығына қарасты ұйым студенттері мен “Amanat” партиясының мүшелері қонақ болды.
Іс шара мақсаты: тәрбие жүйесін жетілдіру; студенттер арасындағы сыйластықты, адамгершілікті, бірлесе жұмыс атқару, өзін өзі дамыту; еріктілікті дамыту.
Аталған кездесу интеллектуалды ойындар мен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Жиналыс соңында белсенді ұйым мүшелеріне “Amanat” партиясынан алғыс хат берілді. ОҚМА “Жастар рухы” жастар қанатының жаңа мүшелері қабылданды.