Войти
Басты бет Академия жаңалықтары ОҚМА-да оқитын шетелдік студен...
14 қаңтар 2026
1
0
0

ОҚМА-да оқитын шетелдік студенттермен кездесу өтті

Бүгін Жастар ресурстық орталығында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «ОҚМА» АҚ-да оқитын шетелдік студенттермен кездесу өтті.
Оған оқу орнының тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы, Халықаралық факультет деканы Сарсенбекова Алтынай Әлібекқызы, қалалық полиция департаменті көші-қон басқармасы сыртқы көші-қонды бақылау бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Мырзалиев Жаныбек Бекетұлы, Еңбекші ауданы прокуратурасының прокуроры Салхудин Бектөре Амангелдіұлы және Әл-Фараби ауданы бойынша көші-қон бөлімінің бастығы Ержан Сапарбаев қатысты.
Іс-шараның мақсаты академияда оқып жатқан шетелдік білім алушыларға Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын, олардың құқықтары мен міндеттерін, сонымен қатар оқу орнының ішкі тәртіп ережелерін түсіндіру болды. Жиында Ербол Қалтұрсынұлы мұндай іс-шаралардың оқу орнында жиі ұйымдастырылатынын атап өтті. 
Ал, құқық қорғаушылар көші-қон заңнамасына сәйкес шетелдік студенттер өздері тұрып жатқан мекен-жайға тіркелуі тиіс екенін айтты. Яғни, олар сол мекенжайдың уақытша немесе тұрақты тұрғыны болып есептеледі. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасындағы өзге де талаптардың қатаң сақталуы қажеттігін жеткізді.

Пікірлер орны (0)