
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы өткізді. Іс-шараның мақсаты жастардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, олардың тарихи маңызы мен ұлттық құндылық ретіндегі орнын насихаттау, сондай-ақ студенттердің отансүйгіштік рухын нығайту болды. Жиын барысында кафедра меңгерушісі, PhD докторы Нұржанбаева Жанат Оралбайқызы сөз сөйлеп, мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігі мен ұлттық бірегейліктің басты нышандары екенін атап өтті. Кездесуде аға оқытушылар Маликов Мұхтар Маратұлы, Махатова Лейла Талғатқызы және Ақбаян Мырзазия да баяндама жасап, Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның қалыптасу тарихы мен олардың қоғамдағы маңызына жан-жақты тоқталды. Іс-шара барысында студенттер де белсенділік танытып, мемлекеттік рәміздердің мәні мен мазмұны туралы баяндамалар жасап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
